BLUE SEDUCTION — сергек, жеңіл әрі заманауи ерлерге арналған хош иіс. Бұл аромат ер адамның таза, ұқыпты және өзіне сенімді образын айқын көрсетеді. Хош иіс көктем мен жаз маусымына өте қолайлы, әсіресе ыстық күндері ерекше жеңілдік пен сергектік сыйлайды. Композиция балғын цитрус пен су аккордтарымен ашылып, бірден fresh әсер береді. Жүрек ноталарында алма мен нәзік жемісті реңктер ароматқа жеңіл тәттілік пен жұмсақтық қосады. Ал мускус пен ағаш ноталары хош иіске еркектік, жылы әрі ұзақ сақталатын шлейф сыйлайды. Аромат күнделікті қолдануға арналған, жұмысқа, серуенге және спорттан кейін қолдануға өте ыңғайлы. Ауыр иістерден шаршайтын, бірақ сонымен қатар тартымды әрі есте қаларлық әсер қалдырғысы келетін ер адамдар үшін жақсы таңдау. Иісі өте агрессивті емес, сондықтан айналадағы адамдарға да жағымды қабылданады.
Өнім түрі: Иіссу Шығарылған жылы: 2007 Елі: 🇪🇸 Испания Кімге арналған: Ерлерге Хош иіс тобы: Фужерлі, су, жемісті Жоғарғы ноталар: цитрус, бергамот, жалбыз Жүрек ноталары: алма, су аккордтары, жемісті ноталар Базалық ноталар: мускус, ағаш ноталары, амбра